spot_img
Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
10.5 C
Kokshetau

Президент стипендиясы: оны кімдер ала алады және көлемі қанша?

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы жоғарғы оқу орны студенттері мен магистранттарына тағайындалатын Президент стипендиясы ашық талқылауға шығарылды. Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығында бұл қаржылай қолдау 4 министрлік арасында бөлінген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Президент стипендиясы 1080 бакалавр студенті мен 8 магистрантқа тағайындалады. Ерекшелігі –  бұл стипендияны алу үшін университетте грантта оқу міндетті емес. Қаржылай қолдауды ақылы бөлім студенттері де ала алады. Әрі оқу жылының бір семестрі бойы төленеді. Стипендия ректор бұйрығымен беріледі.

Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы “Ашық НҚА” порталында 20-шы наурызға дейін қоғамдық талқылаудан өтеді. Сондай-ақ 2023 жылға жоспарланған Президент стипендиясы төрт министрлік арасында бөлінеді. Яғни:

  • Мәдениет және спорт министрлігі – 24 бакалавр және 1 магистратура студентіне;
  • Денсаулық сақтау министрлігі – 6 студентке;
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі –  45 студентке;
  • Ғылым және жоғары білім министрлігі –  1005 бакалавр студентіне және 7 магистрантқа тағайындайды.

Биылғы Президент стипендиясының мөлшері бакалавр үшін 73 320 теңге болса, магистранттарға – 173 974 теңге.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Киелі мекен» экологиялық акциясына 150-ден астам көкшетаулық қатысты

Бүкіл әлем қоқыстарды сұрыптауды бастау маңызды екенін түсінеді. Бұған біздің қоғам да жақындап келе жатқаны қуантарлық жағдай. Осыған байланысты, Ақмола...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img