spot_img
Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
4.2 C
Kokshetau

Көкшетауда төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін құрметтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Түркия Республикасы аумағындағы жер сілкінісінің салдарын жою бойынша жұмыс жүргізген Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Aqmolanews облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы өз сөзінде адам өмірін құтқару – жауапты, қиын және өте құрметті жұмыс екенін атап өтті.
«Сіздердің қызметтеріңіз ең қиын және қауіпті салалардың бірі екені сөзсіз. Мамандыққа адалдық, ерлік пен кез келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдайларды жою мамандарына қойылатын басты талап. Өйткені, сіздің қызметіңізге адамдарды және мүлікті құтқару, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жауапты міндеттер сеніп тапсырылған. Біздің азаматтардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі сіздердің төтенше жағдайларда жылдам шешім қабылдау қабілеттеріңізге тәуелді», – деді Ермек Маржықпаев.

Ақмола облысы Қазақстан Республикасы үшін де, шетелдік жоғары оқу орындары үшін де азаматтық қорғау кадрларының ұстаханасы болып табылады. Олардың ішінде ерлігі ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен Академия түлегі Асқар Забикулин.
Тәжірибелері мен кәсіби шеберлігінің арқасында ерлік көрсетіп, талай адамның өмірін сақтап қалған азаматтық қорғау қызметкерлері Байырлы Көпенов, Рүстем Мұжупов және Евгений Ефремовтың ерлік істері де аталды.
Шара барысында азаматтық қорғау майоры, Көкшетау қаласының N1 ӨСБ бастығы Айдын Жоламанов Түркиядағы құтқару операциясы туралы айтты.

«Биылғы жылдың 8 ақпанында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша көмек көрсету үшін жіберілген 2 эшелон құрамында
18 қызметкерлер санында біздің облыстың құтқарушылары да аттанды. Тәулік бойы жұмыс істелген 12 күн ішінде үйінділерді тазарту жұмысы атқарылды.
Қиын жағдайларға, психологиялық күйзелістерге қарамастан, біздің құтқарушылар тапсырманы абыроймен атқарды. Бауырлас Түркия Республикасының халқы әрбір құтқарушының кәсіби шеберлігін жоғары бағалап, үлкен алғысын білдірді», — деді Айдын Жоламанов.

Құрмет көрсету облыс әкімінің алғыс хаттармен және естелік сыйлықтарды марапаттаумен аяқталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img