spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
16.6 C
Kokshetau

Құрманғазы Жукеков: жақсы дәрігер – қоғамның жанашыры

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін елімізде айтулы мереке-Алғыс айту күні! Жайма шуақ көктемнің алғашқы күнімен тұспа тұс келген бүл күн жұртшылықтың жүрегінде ерекше эмоциялармен қалатыны сөзсіз.

Бірінші байлық денсаулық деп  жатамыз. Әсіресе соңғы 3 жылда әлем болып осы сөздердің қаншалықты өзекті, әрі маңызды екендігін ұғындық. Бұл тұста қоғам өмірінде маңызды рөл алатын дәрігерлер қауымының ерең еңбегі мен кәсіби адалдықтарына алғыс айту парызымыз. Күн сайын өмір үшін таласып, осы күнге дейін мыңдаған адамды өлімнен аман сақтап, дертінен айығуға септігін тигізген батыр дәрігермен сұхбат құрметіне ие болды. AqmolaNews ақпарат агенттігі назарларыңызға анестезиология және кардиореанимация бөлімінің дәрігері Құрманғазы Жукеков туралы жазбамызды ұсынады.

Құрманғазы Жукеков 2007 жылы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина академиясының емдеу факультетін бітірген.  2012 жылдан бастап көпбейінді облыстық ауруханада  анестезиолог реаниматолог, кардиореанимация бөлімшесінің перфузиологы болып, қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді.

«Құрманғазы Нажматович  өте сауатты әрі білікті дәрігер. Анестезиолог-реаниматолог маманға тән барлық дағдыларын меңгерген, перфузиолог ретінде де өзінің біліктілік деңгейін үнемі арттырып отырады. Анестезиологиялық жәрдемақы көрсету және науқастарды емдеу бойынша жұмысқа жаңа жетістіктерді енгізді. «Экстракорпоральды мембраналық оттегімен қанықтыру» циклі бойынша оқудан өтті»,- дейді Облыстық аурухана ұжымы.

Байқауымызша кейіпкеріміз әріптестері арасында ерекше сый мен құрметке ие. Олардың айтуынша коронавирус инфекция кезінде Ақмола облысының аумағындағы төтенше жағдайларда алғашқылардың бірі болып провизорлық, инфекциялық бөлімшелердің пациенттерімен жұмыс істеуіне бастама көтерді. Жоғары жұмыс қабілеттілігін, ынта-жігерін, қиын уақытта пациенттер мен әріптестерді қолдау қабілетін көрсеткен.

«Дәрігер болу бұл үлкен жауапкершілік. Десе де, өз басым осы салаға келгеніме еш өкінбеймін. Адам жанын бәледен арашалап, біреуге жаңа өмір сыйлағанда бұл қоғамда қажет екенімді, бұл іс менің өмірлік миссиям екенін түсінемін. Болашақта дәрігер болуды армандайтын талапкерге де, бұл саланың қоғам өмірінде аса маңызды екендігін, және іске қашан да адал болу қажет екендігін айтқым келеді»,-деп бөлісті дәрігер.

Құрманғазы Жукеков жақсы жұмыс істегені және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін бірнеше рет алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталған. Ісіне адал, жауапкершілігі мол, өскелең ұрпаққа үлгі бола білер дәрігерлердің бары жанды қуантады.  Осынау айтулы күнде ақ халатты абзал жандарымызға ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img