spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
3.2 C
Kokshetau

Онжылдықтағы ең нашар көрсеткіш: Жиһаз өндірісі пандемиядан кейін қалыпқа келе алмады

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен жыл Қазақстанның жиһаз өнеркәсібі үшін ауыр сынақ болды. Жиһаз жасаушылар пандемиядан кейін қалыпқа келе алмады, өйткені өндіріс минусқа кетті. Саладағы өнеркәсіп өндірісінің индексі 2021 жылы 107,8% болса, өткен жылдың қорытындысы бойынша 89,3% дейін төмендеді, деп хабарлайды «Aqmolanews» Energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

Бұл – соңғы онжылдықтағы ең нашар көрсеткіш. Жиһаз жасау саласында пандемия кезінде (2020 жыл) жоғарыдағы төмен көрсеткіш болған.

Негізгі себеп пандемия өршіп тұрғанда адамдардың жиһаз алатын мұршасы болмады. Тек былтыр ғана жиһаз фабрикалары мен дүкендер үзіліссіз жұмыс істей алды.

Нәтижесінде көптеген тауар позициясы бойынша сұраныстың өсуі байқалды. Бірақ бизнес импортқа қарсы тұра алмады.

Жалпы аталған секторда өндірістің төмендеуі бұған дейін 2012 жылы (8,7%) және 2015 жылы (2,6%) байқалды. Дегенмен соңғы онжылдық ішінде былтырғыдай құлдырау болмады.

Отандық жиһазшылардың өткен жылы ең көп мөлшерде (1 млн данадан астам) жасаған басты өнімдері – орындықтар, креслолар және металл жақтауда отыруға арналған басқа да жиһаздар.

Өткен жылы осы санаттағы өндіріс көлемі 2,7% өсу байқалды. Сонымен қатар ас үйге арналған (+ 11,8%), асхана мен қонақ бөлмеге арналған жиһаздар жиынтығы (+15,8%) шығарыла бастады. Бірақ бизнес сегменті бойынша жағдай нашар болды.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қазақстандық жиһаз компаниялары ағаштан жасалатын кеңсе жиһазы өндірісін 38,8% жоғалтты.

Жатын бөлмеге арналған ағаш жиһазды шығару көрсеткіші де (кереуеттер мен шкафтардан басқа) шамамен үштен бірге төмендеді.

Соңғы үш жылда жиһаздарды құны өсті. Жағдай инфляцияға байланысты.

Өткен жылы жиһаз жасаушылар 2021 жылмен салыстырғанда 8,4% артық өндірді.

Қаржы жағына келсек, бір жыл бұрын кеткен шығын 59,7 млрд теңге болса, былтыр 64,7 млрд теңгені құрады. Бұл – аталған сала үшін статистика жағынан алғанда рекорд.

Инфляция өсуін ескере отырып, былтырғы жыл отандық жиһаз жасаушылар үшін сәтті жыл болды деуге болмайды.

Былтыр жыл басында еліміздің жиһаз өнеркәсібінде 1516 заңды тұлға тіркелген. Биыл қаңтар аталған көрсеткіш 8% төмен. Жиһаз саласы 114 компанияға кеміді немесе 1402 кәсіпорынға қысқарды.

Есесіне елімізде соңғы жылдары жиһаз бағасының өсуі антирекорд ортанып отыр. Өткен жылдың төртінші тоқсанында 2021 жылмен салыстырғанда Қазақстанда жиһаз бен тұрмыстық заттар 6,1% қымбаттады. Дегенмен жиһаздарды үстеме бағамен сату өндіріс шығындарын өтеуге көмектеспеді.

«Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы акционерлік қоғамының деректеріне сәйкес, жиһаз өндірісі өткен жылы қаңтар–қараша айларында 458 млн АҚШ долларын құрады. Оның негізгі үлесі импортқа (74,2%) тиесілі.

Отандық жиһаз жасаушылар қазақстандықтар сатып алған өнімдердің төрттен бір бөлігін ғана қамтамасыз етті (25,8%). Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Made in Kazakhstan» жиһаздарының үлесі үй нарығында қысқарған.

Сыртқы сауда статистикасы өткен жылы импорттың 3% төмендегенін көрсеті отыр. Былтыр елге 390,8 млн доллар сомасына 132,1 мың тонна жиһаз әкелінді.

Импорт құрылымында кейбір өзгерістер болды. Қазақстан үшін басты жиһаз жеткізуші Ресей өз позициясын айтарлықтай әлсіретіп, жеткізу көлемін 28,4% қысқартты.

Оның орнын отандық жиһаз өндірушілер емес, Беларусь және Қытай жеткізушілер басты. Бұл елдер өз импортын тиісінше 88,9% және 62% арттырды.

Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қазақстандық өндірушілер үшін асханалар мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаз (ішкі сұранысты 89,3% жапты), сондай-ақ отыруға арналған өзге де түрлі жиһаз (импорт 97,9%) шығару позициялары бойынша ең нашар көрсеткіш болды.

Отандық өндірушілердің жағдайы ағаш кеңсе жиһазының сегментінде ғана жақсы (77,8% импорт).

Қазақстанда жиһаз экспорты соншалықты аз, ол көптеген тауарлық позициялар бойынша қолда бар ресурстардың 1% жетпейді.

 

Фото: istockphoto.com

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық шенеуніктерге заң бұзушылық үшін 18 айыппұл салды

Департамент 2024 жылдың I тоқсанында 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img