spot_img
Сәрсенбі, Қыркүйек 16, 2026
11.2 C
Kokshetau

Журналистер мен блогерлерге қатысты қылмыс жасады деген 18 адам ұсталды – ІІМ

Сондай-ақ...оқыңыз

Соңғы 6 айда журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны үшін 18 адам ұсталды, деп хабарлайды «Aqmolanews» ІІМ сілтеме жасап.

2022 жылғы қыркүйектен бастап биылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар құқыққа қарсы әрекеттер жасалған.

«Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды. Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 115 «Қауіп», 147 «Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату», 158 «Журналистік қызметке кедергі жасау», 202 «Бөтеннің мүлкін қасақана жою», 293 «Бұзақылық» баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды. Бұған қатысы бар 18 адам ұсталды», – делінген хабарламада.

Дәлелдемелік базаны нығайту бойынша қажетті тергеу-жедел іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады

Көптеген адамдар күнін таңғы астан емес, смартфоннан бастайды. Келген хабарларды, пошта мен әлеуметтік желілерді тексеру, картадағы балансты қарау, сатып...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика