spot_img
Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
8.9 C
Kokshetau

«Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша республикалық чемпионаттың облыстық кезеңі аяқталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында «Bolashaq saraiy» базасында «Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті.

Іс-шара роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, ғылыми-техникалық шығармашылық саласындағы дарынды оқушыларды анықтауға және қолдауға ықпал етеді.

Облыстық кезеңді ұйымдастырушылар – Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы және Ақмола облысы білім басқармасының Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы.

Чемпионатқа робототехникамен айналысатын 200-ге жуық ақмолалық оқушы қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр түрлі жас санаттарында командалық жарыстың 7 түрі бойынша (бір командада 2 қатысушы) анықталды: Робо-сумо, Кегельринг-квадро, Желі бойынша жарыс, Биатлон – кіші санат, Биатлон – жоғары санат, Эстафета, Лабиринт.

Чемпионат қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломдармен, алтын медальдармен, командалық кубоктармен және 20 000 теңге сомасында командалық ақшалай сертификаттармен – 7 команда марапатталды.

2-орын алған 14 команда ІІ-дәрежелі дипломдармен, күміс медальдармен және 15 000 теңге сомасында командалық ақшалай сертификаттармен марапатталды.

3-орын алған 20 команда ІІІ-дәрежелі дипломдармен, қола медальдармен және 10 000 теңге сомасында командалық ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Бірінші орын алған жеңімпаздар «Robotek Grand Tournament» робототехника чемпионатының республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.

Құттықтаймыз және келесі турға сәттілік тілейміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Киелі мекен» экологиялық акциясына 150-ден астам көкшетаулық қатысты

Бүкіл әлем қоқыстарды сұрыптауды бастау маңызды екенін түсінеді. Бұған біздің қоғам да жақындап келе жатқаны қуантарлық жағдай. Осыған байланысты, Ақмола...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img