spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
21.2 C
Kokshetau

Бұланды ауданындағы жаңа бизнес-идеялар көбеюде

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен жылы ауданда 10 адам кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алды.​ ​

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның мақсаты кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуды арттыру  үшін шағын бизнесті дамыту.

Макинск қаласының тұрғыны Данияр Шабанов 2022 жылы «Бастау» бағдарламасы бойынша білім алып, өзінің бизнес жоспарын сәтті қорғап шықты. Әрі қарай, 1 225 200 теңге сомасына сертификат пен грант алып, жұмсақ жиһазды химиялық тазалау орталағын ашты.

«Мен бұл идеяны көптен бері ойлап жүрдім, өйткені бұл біздің қалада жиһазды құрғақ тазалау сұранысқа ие. Осылайша, жұмсақ жиһазды тазарту адамдарды жалықтыратын және шаңды жұмыстан босатады. Алынған грант үшін мен бу генераторын, шаңсорғышты, керек-жарақтарды және құрғақ тазалау жабдықтарын сатып алдым. Болашақта мен бизнесімді одан әрі кеңейтіп, құрғақ тазалаудың басқа түрлеріне қажетті жабдықтарды сатып алғым келеді. Мұндай гранттар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, өз ісін ашуды армандайтын жастар үшін орасан зор көмек екенін атап өткім келеді», – деп бөлісті Данияр Шабанов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img