spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
1.2 C
Kokshetau

Есіл ауданында робототехника кабинеті ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда STEM-білім беру жүйесі 2014 жылдан бастап белсенді дамып келеді. 1000-нан астам мектеп робототехника зертханаларын ашты. 1700 мектепте 32000-нан астам оқушы қатысатын робототехника үйірмелері ашылды. Елде 100-ге жуық STEM-зертханалар ашылды, тәжірибелік мектептер қарқынды құрылуда, онда оқытудың жаңа әдістері, пәнаралық тәсілмен жұмыс істейтін оқу пәндері әзірленіп, сыналады. Дәстүрлі физика, химия және математикадан басқа мектептерде бағдарламалау және робототехника пәндері оқытылады. Балалар криптография мен цифрлық лингвистиканың негіздерін үйренеді.​

Бүгін Есіл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінде Робототехника кабинетінің ашылуы өтті. Кабинеттің жалпы құны 11 млн.220 мың теңгені құрады. Кабинет ашу оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оқу процесінде заманауи технологияларды қолдану үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Бөлме кеңсе жиһазымен, 3D принтермен, 3D сканермен, мультимедиялық панельмен, робототехника жиынтығының үш түрімен және автотрекпен жабдықталған.

«Балалардың біліміне инвестиция  құя отырып, біз еліміздің болашағына инвестиция саламыз. Кабинет оқушылардың игілігі үшін пайдаланылатынына сенімдімін, болашақта мектеп түлектері заманауи технологияларды игеруде озық тәжірибеге ие азамат болып шығады. Биыл біз Ақсай, Московское  және Қаракөл ауылдарындағы мектептерді осындай жабдықтармен жабдықтауға ниеттіміз», – деп бөлісті аудан әкімі Е.Баяхметов.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img