spot_img
Сәрсенбі, Қазан 14, 2026
7.2 C
Kokshetau

Ақмолалық сарайдан дөңгелек ара ұрлап кеткен

Сондай-ақ...оқыңыз

Қылмыстық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты. Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Ақкөл ауданының полиция бөліміне Ақкөл қаласының 49 жастағы тұрғыны ағымдағы жылдың 18-21 қаңтары аралығында белгісіз адам үйдің ауласынан дөңгелек араның қосалқы бөлшектерін ұрлап кеткені туралы өтінішпен жүгінді. Залал сомасы 150 мың теңгені құрады. Өтініш беруші түсініктемесі бойынша, ұрлық жасалған үй қыс мезгілінде бос болады. Ер адам мезгіл-мезгіл итті тамақтандыру үшін келіп тұрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Бос үйді байқаған ер адам сарайға кіріп, дөңгелек ара мен рельстердің бір бөлігін ұрлап әкетіп, оларды металл қабылдау пунктіне тапсырған. Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

1 800 шақырым, 59 ауыл, 5 мың жас: «Таза Qazaqstan» эстафетасы Ақмоладан басталды

Бірі жол жиегіндегі қоқысты жинаса, енді бірі ауыл тұрғындарының өтінішін тыңдап, тарихи орындарды вандализмнен қорғауға атсалысады.Бүгін 5 мыңға жуық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика