spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
25.2 C
Kokshetau

Қазақстанда тұрғындарға көмір жеткізудің жаңа тетігі әзірленеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Премьер-Министр Әлихан Смайылов тау-кен металлургия компаниялары қызметінің өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды AqmolaNews ақпарат агенттігі Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кеңеске қатысушылар Қазақстан аумағындағы газ саласында Eurasian Resources Group-тың («Еуразиялық топ» ЖШС) жаңа инвестициялық жобаларын іске қосу жоспарларын, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымын дамыту жобаларын талқылады.

Сонымен қатар кеңесте ішкі нарықты, әсіресе шалғайдағы елді мекендерді көмірмен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Премьер-Министр өңірлік операторлардың көмірді бөлу жөніндегі қызметін талдау және басы артық делдалдарды айналып өтіп, әлеуметтік объектілер мен халыққа тікелей өндіру орындарынан отын жеткізудің жаңа тетігін пысықтау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ қазақстандық және өзбек инвесторларының қатысуымен екі елдің теміржолдары арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру мәселелері талқыланды.

Кеңеске Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, «Қазақстан темір жолы», «QazaqGaz» ұлттық компанияларының және ERG компаниясының басшылары қатысты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика