spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
18.2 C
Kokshetau

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы

Сондай-ақ...оқыңыз

Отбасы – қоғамның маңызды бөлігі. Тәрбиенің бастауы да отбасынан басталады. Ата-ана үшін бала тәрбиесі күрделі, жауапты міндет. Балаға білім беріп, өмірге бейімдеуде мектеп пен ата-ананың орны ерекше екендігін білеміз.

№6 мектеп-лицейінде «Мектеп және отбасы – тәрбие берудегі серіктестер» атты салтанатты жиын өтті. Кештің басты мақсаты – оқу жылының біріншіжартыжылдығында жақсы нәтиже көрсеткен оқушылардың ата-аналарын алғыс хатпен салтанатты марапаттау. Бұл оқушылар – түрлі олимпиадалар, байқаулар мен жарыстардың жүлдегерлері. Сондай-ақ, білім беру жүйесін дамытудағы маңызды мәселелер талқыланды.

Мектеп – оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын, жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық.Ата-ана мен мұғалімнің басты міндеті – жас ұрпақтың бойында жақсы қасиет, терең білім, рухани құндылықтарды қалыптастыру.«Тәрбие – кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, бүгінгі таңда тәрбиенің маңызы зор.

Баланың болашағы бүгінгі таңда алып жатқан сапалы білімі мен тәрбиесі арқылы қалыптасады. Сол себепті де мектеп пен ата-ана арасындағы сыпайы сыйластық үндесіп жатса, бала тәрбиесі жақсы болары сөзсіз.Біздің мектебіміздің оқушыларына тәрбиені тал бесіктен қамқорлықпен беріп отырған өнегелі отбасыларымызды мақтанышпен айта аламыз. Ата-анасынан алған тәрбиесін мектептегі достарына көрсетіп, білімді, әдепті болып өсіп келе жатқан Нагманова Дарига, Даминов Дильдар, Иманбаева Айханым, Төлеубай Жансая, Жаныбек Лаура, Арыстан Айдана, Асан Нұрәлі, Пех Ариана, Қайрат Алдияр, Тоқтарбай Мөлдір, Роголева София, Жамбыл Дінмұхаммед, Синенко Матвей, Атымтай Арай, Жұмабек Аяулым, Баетова Дильнара, Ужарова Адия, Қайролла Тәтті, Пономарев Данил, Каир Сабыржан, Богданов Эмиль және тағы басқа оқушыларымызды айтуға болады. Оқу жылы басталғалы мұғалімдер мен оқушылар көптеген қалалық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.Мектеп ұжымының ата-аналардың еңбегін елеп, алғыс хатпен марапаттауы оқушыларды да ынталандыра түседі. Ата-ана мен мектеп ұжымы бірлесіп жасалатын жұмыстың нәтижесі жоғары болатыны сөзсіз. Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар мектеп қабырғасында жүзеге асырылмақ.

№6 МЛ тілшісі

Мадина Қадырбек

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ БАТЫРЫСЫЗДАР!»

  Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов шыңдар мен жазықтарды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img