spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
3.8 C
Kokshetau

Өткен жылы Ақмола облысында 23 жасөспірімге қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көбінесе олар ұрлықпен айналысады. Осы орайда

жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу туралы Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері  жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Олжас Маратұлы Белсенді айтты.

   – Еліміздің тыныштығы мәңгілік болып, гүлденген болашаққа қол жеткізу үшін өскелең ұрпақтың бақытын қамтамасыз ету мемлекетіміздің ішкі саясатының ең  маңызды ұлттық басымдылықтарының бірі болуы керек. Балалардың құқықтарын қорғау – бұл, бірінші кезекте, оның жеке басына, таңдау еркіндігіне, дамуы мен өсу құқығына , өз елінің толыққанды азаматы атанамын деген құрмет.    

     Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы ҚР 2004 жылгы 9 шілдедегі №591 заңы.  Осы заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың  профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық, экономикалық және  әлеуметтік негіздерін айқындайды.

     Жасөспірімдермен жұмыс жасайтын  әрбір ортаның  мақсаты:  баланы қоғамға бейімдеу, оның жеке басының өзгешелігі мен табиғи дарындылығын, білімі мен біліктілігін айқындап, одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, мамандық таңдауда кәсіптік алдын алу жұмыстарымен барынша таныстыру жұмыстарын өткізу болып табылады. Көмек қолын ұсынып, қоғамдағы теріс әрекеттердің  алдын-алу шараларын ұйымдастыру, кәмелет жасына толмаған балалардың бос уақыттарын өткізуді ұйымдастыру, ол үшін жергілікті жерлерде кешенді спорт, шығармашылық  әуесқой орталықтары, үйірмелері тегін болуын қамтамасыз ету болып табылады.  Қазақстанның атақты азаматтарымен кездесулер ұйымдастырып, өнеге-өсиеттерін үлгі тұтуға үйрету. Туған жерге, елге сүйіспеншілікке баулу мақсатымен саяхаттар, топсеруендерді жиі  өткізу. Еліміздің тарихи мұражайлары мен ескерткіштеріне тағзым жасау, ірі тұлғалар туралы  өз ойларын бөлісетін дебат, дискуссия клубтарын  ашып, шешендік өнерге баулу.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: « Бұл өнімдер Қосшы қаласының брендіне айналуы тиіс!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img