spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Түрік инвесторы Көкшетауда жаңа ЖЭО салуға ниетті

Сондай-ақ...оқыңыз

– Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен түріктің «Гап Иншаат» компаниясы бас директорының міндетін атқарушы Ченгель Азиз Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Ченгель Азиз компания республикадағы инвестицияларын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Оның айтуынша, Көкшетау қаласында ЖЭО салу жобасының болашағы зор.

Премьер-Министр Түркия Республикасы Қазақстан үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін, сондықтан Үкімет өзара тиімді жаңа жобаларды іске асыруды қолдайтынын атап өтті.

Бұл ретте Әлихан Смайылов ҚР Энергетика министрлігі Көкшетауда ЖЭО салу жобасы бойынша ашықтық пен бәсекелестік қағидаттарымен ашық тендер өткізетінін, оған барлық әлеуетті инвесторлар қатыса алатынын айтты.

Өз кезегінде Ченгель Азиз тендерге қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

Әзірленген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, Көкшетаудағы жаңа ЖЭО-ның электр қуаты – 240 МВт, жылу қуаты – 520 Гкал/сағ. Жобаны қаржыландыру тендерде жеңіп шыққан инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Анықтама: «Гап Иншаат» компаниясы 1996 жылы құрылды. Бас кеңсесі Ыстанбұлда орналасқан. Компания түрлі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Қазіргі уақытта «Гап Иншаат» Түркия, Түрікменстан, Ирак, Катар, Сауд Арабиясы және т. б. елдерде жобаларын жүргізуде.

Фото: primeminister.kz, sputnik.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img