spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 6, 2026
9.6 C
Kokshetau

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 25% көтерілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің жалақысы 25%-ға артты, деп хабарлайды AqmolaNews.

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсететін, уақытша баспана ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жұмыс істейтін басшы құрам мен негізгі персоналдың (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және басқа) айлығы өсті.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ға, ал 2022 жылы – 25%-ға өскенін естеріңізге сала кетейік.

Сондай-ақ, 2021 жылы лауазымдық жалақының 30%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша өсуі арқылы әкімшілік және көмекші персонал, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша баспанада жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысы артқан болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. "Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика