spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
9.2 C
Kokshetau

 Тұғырлы тәуелсіздік

Сондай-ақ...оқыңыз

1991 жыл –бүкіл қазақ халқының жадында қалатын  айрықша жыл ,себебі осы жылы біз егемен ел, тәуелсіз Қазақстан атандық. Сан ғасырлар бабаларымыз армандаған асыл арманға қол жеткіздік. Тариықтың қатпар-қатпар көне бетерінде талай  батырларымыз осы жолда өздерін құрбан етті. Ол күндерде боздақтардың қан мен жаны, аналардың көз жасы, әкелердің арманы кетті… Сол бабаларымызға шексіз алғыс айта отырып бүгінгі бейбіт тәуелсіздікке шүкір етеміз!

Осы оқиғалардың ішінді «Ақтабан шұбырынды», «Қазан төңкерісі», «Желтоқсан төңкерісі» т.б төңкерістерді-көтерілістер жайлы айтпай өтуге болмас.  Әйтсе де, қазақ халқының егемендікке  ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниеге жаңа зайырлы  Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі өмірдің жаңа парағын ашты. Іргесі бекіген егемен ел болғанымызға 30 жылдан асып барады.  Артқа бір сәт шегініс жасар болсақ :

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан республикасының президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойылды. Сол жылы 8 қаңтарды «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заң қабылданды.

1992 жылы 10 қаңтарда Ішкі әскер «қазіргі Ұлттық ұлан» құру туралы жарлыққа кол қойылды. Сол күннен бастап Ұлттық ұлан ел қорғаны болып, өзіне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарып келеді.

Осы жылдың қаңтар айында болған террористік шабуыл, халық тыныштығын бұзып ел арасында ірткі туындатты, яғни әкімшілік ғимараттарға, емханаларға, полиция жеке құрамына қастандық жасалды. «Ұлттық Ұлан» сарбаздарының арқасында заң бұзушылықтардың алдын алып террористік шабуылға тойтарыс берді. Бірақ жаста болса ел тыныштығы үшін батылдықпен өз өмірін қиған сарбаздарымыз қатардағы жауынгер Қайсаров Мадияр Оразалиұлы, қатардағы жауынгер Аманов Айбат Ерболұлы сияқты батырларымызды біз мақтан етеміз, ұмытпаймыз. Ұландарымыз «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан,Ұлттық ұлан елі мен халқына қорған» ұранымен өз халқының тыныштығын  қорғап келеді.

Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде.

Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарға қол жеткізді.

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Тәуелсіздігіміз  тұғырлы, баянды болсын! Әрқашан күн сөнбесін! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!

ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының 3517 әскери бөлімінің командирі, подполковник – Досан Куркенов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img