spot_img
Жұма, Қараша 13, 2026
-1.6 C
Kokshetau

Облыс прокуроры студенттерімен кездесу өткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының прокуроры Майлыбаев Айдос Серікханұлы  А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

Облыстық қадағалау органының басшысы сот отырысы залымен, криминалистика полигонымен және заң клиникасымен танысып, университеттің материалдық-техникалық жабдықталуына жоғары баға берді.

Айдос Серікханұлы облыс прокуратурасының атқарылып жатқан жұмыстары, қызметке кіру тәртібі және конкурстық іріктеу кезеңдері туралы айтты.

Жоғары оқу орнының кадрлар ұстаханасы екендігіне назар аударып, Ақмола облысының прокуратурасында Абай Мырзахметов атындағы университеттің 20 түлегі қызмет атқарып жатқанын атап өтті.

Студенттермен кездесу достық атмосферада өтті, қатысушылар жайылымдық жерлерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа, қылмыстық заңнаманың гуманизациялауға, заңнамадағы өзгерістерге, қызмет атқару шарттарына, біліктілік талаптарына және Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының қызметіне қызығушылық танытты. Барлық қызықтырған сұрақтарға дәл және нақты жауаптар алды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшы қаласында жаңа мектеп бой көтеруде: заманауи білім ордасы 1500 оқушыға шақталған

Қосшы қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Мұнда бір ауысымда 1500 оқушыны қабылдауға қауқарлы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика