spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында балықтың ерекше түрі өндіріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында мал шаруашылығымен қатар балық шаруашылығы да қарқынды дамуда. Бурабай ауданы Ақылбай ауылында бақтақ өсіруге арналған Ангар осы жылдың шілде айында пайдалануға берілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Bishere – fish» ЖШС директоры Руслан Қуатовтың айтуынша, ашылу алдында нарықты ұзақ уақыт зерттеген.

«Қыста барып, бәрі қалай жұмыс істейтінін көрдік. Ұнады және айналысуға шешім қабылдадық. Біз өз қаражатымызды салдық. Балық экологиялық таза. Мұндай өнім аудан үшін қажет», – деді кәсіпкер.

Бүгінгі таңда сыйымдылығы 25 текше метр болатын арнайы бассейндерде Франциядан әкелінген құбылмалы бақтақтың 70 мыңға жуық шабақтары бар. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 40-50 тонна балық. Алдағы жоспарлар-өнімді нарыққа шығару және өндірісті кеңейту.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев кәсіпорынға оң баға берді.

«Бұл бірегей өндіріс. Біздің облыста балық өндірісі бірнеше аудандарда ғана бар. Біздің нарық орасан зор, Астанаға жақынбыз. Біз бизнесті дамытуға көмектесеміз», – деді облыс басшысы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img