spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
3.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының ең үздік 10 студенті анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті» конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы белгілі болды
2022 жылғы 22-29 қыркүйек аралығында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студент» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңге 25 колледжден 43 студент қатысты.
Конкурсқа қатысушылар өзі туралы эссе, өзін болашақ маман ретінде таныстыратын және өзінің белсенді қоғамдық қызметін жариялайтын бейнеролик, аймақты, республиканы дамытуға арналған өзінің жобаларын ұсынды.
Конкурстың сарапшылары облыстық жастар ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері болды.
Қорытындысы бойынша конкурстың республикалық кезеңінде облыстың намысын қорғайтын 10 көшбасшы анықталды:
1. Серкен Мадияр – Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі, «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының 4 курс студенті;
2. Қабиболла Еламан – Шағалалы ауылы, жоғары агротехникалық колледжі, «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті;
3. Арапова Қарлығаш – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенті;
4. Бегалин Руслан – Есіл қаласы, агротехникалық колледжі, «Фермерлік шаруашылық» мамандығының 3 курс студенті;
5. Кеңес Ризат – Көкшетау қаласы, жоғары техникалык колледжі, «Сәулет» мамандығының 4 курс студенті;
6. Қалаған Нұржігіт – Шағалалы ауылы, жоғары агротехникалық колледжі, «Агрономия» мамандығының 4 курс студенті
7. Репина Олеся – «Арна» Кокшетау жоғары колледжі, «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті;
8. Буркитов Нурсултан – Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі, «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының 2 курс студенті;
9. Габовда Александра – Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі, «Фортепиано» бөлімінің 3 курс студенті;
10. Прокопенко Валерия – Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі, «Негізгі орта білім беру» мамандығының 3 курс студенті.
Құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық жеңістер мен табыстар тілейміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Достар» мәдениет сарайы өнерпаздарының жазғы концерттерінің маусымы ашылды

Қолайлы ауа райында қалалық саябақтың кіреберісіндегі балюстрада қаланың концерт алаңына айналады. Жазда көкшетаулықтар таза ауамен тыныстап, аптап ыстықтан салқындау үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img