spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
0.6 C
Kokshetau

Дмитрий Малахов ақмолалық кәсіпкерлермен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховтың жұмыс сапары аясында облыс әкімі Ермек Маржықпаевпен және өңірдің бизнес-қауымдастығымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Агенттік төрағасының бірінші орынбасары адал кәсіпкерлерді қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыты болып табылатынын атап өтті. Бұл тұрғыда Агенттік адал кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартуға жол бермеу, сондай-ақ кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғау бойынша шаралар қабылдайды.

 «Адал кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі, өз кезегінде сыбайлас жемқорлық схемаларын қолданатын компаниялар үшін жауапкершілік шаралары қолданылатын болады. Осылайша, кәсіпкерлердің парасаттылығы мен бизнес-қоғамдастықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін арттыру күтілуде», – деп түсіндірді Дмитрий Малахов.

Ақмола облысының әкімі іс-шараның өңірдің кәсіпкерлік қызметін дамыту үшін маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларды кәсіпкерлікті дамыту саласындағы ағымдағы жағдай туралы қысқаша хабардар етті.

 «Облыста «Бизнестің жол картасы – 2025″ бағдарламасы және басқа да қолдау бағдарламалары шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру есебінен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады. 2010 жылдан бастап 4,5 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді, бұл өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, көлік саласында, халыққа түрлі қызметтер көрсетуде және басқа да салаларда бизнестің ашылуына және кеңеюіне ықпал етті», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Кездесу Ашық микрофон форматында өтті, онда өңір кәсіпкерлері өздерін қызықтырған проблемалық сұрақтарды қоя алды. Бизнес өкілдерін ауыл шаруашылығын субсидиялау, жанар-жағармай материалдарын тарату, мал жаю үшін жайылымдық жерлердің тапшылығы, халықтың қауқары аз топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ салық заңнамасы саласындағы проблемалар алаңдатты.

Антикор басшылығы мен облыс әкімі тиісті түсініктемелер беріп, қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады, сондай-ақ кездесуде айтылған мәселелердің шешімін қосымша бақылауға алды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img