spot_img
Сейсенбі, Сәуір 23, 2024
13.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов Көкшетауға жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысына қатысты.

Отырысты ашқан облыс әкімі Ермек Маржықпаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтты.

«Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған стратегиялық бағыт, онда біздің республикамыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеттегі іс – қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, сондай-ақ халықтың оның кез келген көрініс нысандарын қабылдамауына көшуі көзделген», – деп атап өтті өңір басшысы.

Отырыс барысында Дмитрий Малахов ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа тәсілдері туралы айтып берді.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей «Адамдар бос декларациялар мен жарқын болашақтың шексіз тұсаукесерлерінен шаршады және мемлекеттік органдардан өз уәделерінің нақты орындалуын күтуде». Осыған байланысты, Агенттік әрбір өңір үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі. Онда процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілдірілмеуіне байланысты шешімін таппайтын өзекті мәселелердің тізбесі көрсетілген», – деп хабарлады агенттік төрағасының бірінші орынбасары.

Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жол және инфрақұрылым, сондай-ақ экология салалары енгізілген. Бұл жерде тұратын және сыбайлас жемқорлықпен байланысты адамдар кездесетін негізгі мәселелер.

«Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың, сондай – ақ жұртшылық өкілдерінің өз ресурстары мен мүмкіндіктерін біріктіруі өте маңызды», – деп атап өтті Дмитрий Малахов.

Өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахимов хабарлады.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев жобалық басқармада «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» типтік базалық бағытын іске асыру туралы сөз сөйледі.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Вернадский көшесіндегі №11 авариялық үйдің тұрғындарын көшіру үшін Сарыарқа шағын ауданында көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен таныстырды.

Айта кетейік, жаңа үй жақын арада пайдалануға беріледі, бұл ретте пәтерлерді бөлу кезінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға басымдық берілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазіргі бақылау мен тексерістердің өз ерекшеліктері бар

«Бизнесті тексеру – бұл айналып келіп, бір қақпаға соға беретін доп ойыны емес» деген тақырыпта жазылған газет бетінде бір...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img