spot_img
Сейсенбі, Сәуір 16, 2024
7.2 C
Kokshetau

ІІМ және Ұлттық ұлан өнерпаздары Көкшетау халқына өнер көрсетті

Сондай-ақ...оқыңыз

“Қазақстан Республикасына қызмет етемін!” турнесі аясында Ақпараттық-насихаттық топ
жұмысы Ұлттық ұлан Ән-би ансаблі мен Құрмет қарауыл ротасы дайындаған концертке ұласты.

Қалалық Мәдениет үйінде өткен концертке жергілікті атқару билік өкілдері мен күштік құрылымдардың
басшылық құрамы және қала жұртшылығы қатысты.
Жиналған қауым құқықтық тәртіп әскерінің шығармашылық
ұжымы өнерін ерекше ықыласпен тамашалады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Малғаждар Таткеев ақпараттық-
насихаттық тобына өңір халқы атынан алғыс білдірді.

— Ата заңымызда Отанға қызмет ету мен оны қорғау — қасиетті борыш екені жазылған. Батыр бабаларымыз кең байтақ жерді бізге аманаттап кетті. Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетов, Рейхстагқа алғаш ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, Кеңес Одағының батырлары Талғат Бигелдинов пен Мәлік Ғабдуллин секілді ержүрек тұлғалар Ақмола облысында дүниеге келген. Олардың ерлік істерін жалғап, тәуелсіз мемлекет құрып, Қарулы Күштерімізді қалыптастырдық. Қазір заманауи әскерге иеміз. Бүгінде 2000-ға жуық ақмолалық азамат Қарулы Күштер қатарында Отанға қызмет етуде. Жоғары әскери оқу орындарында өңіріміздің 50-ден аса азаматы білім алып жатыр. Жерлестеріміздің өз қасиетті борыштарын абыроймен атқаратынына сенім білдіремін. Соңғы жылдары өңір жастары әскери қызметке ерекше қызығушылық танытуда. Осы бағытта атқарып жатқан жан-жақты жұмыстарыңыз үшін өңір халқы атынан алғыс білдіремін! – деді Малғаждар Саттарұлы.

Бас қолбасшының орынбасары полковник Қайрат Үмбетов те
министрлік пен әскер басшылығы атынан көрерменге ризашылық білдіріп, ықылас гүлін жолдады.

Фольклорлық-этнографиялық, би және вокал, хор тобынан, сондай-ақ эстрадалық оркестр мен солист-вокалистерден құралған Ұлттық ұланның Ән-би ансамблі қала тұрғындары мен кеш қонақтарын ерекше өнерлерімен қуантты. Концерт бағдарламасы музыкалық өнер құралдары арқылы жеке құрам мен жастарды патриоттық, адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеуге ықпал етіп келеді.

Шара соңында қала халқы ерекше әсерлерімен бөлісіп, өнерпаздарға ыстық ықыластарын танытты.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық диқандарға субсидия көбейтіледі

Ақмола облыстық мәслихатының оныншы кезектен тыс сессиясында 2024 жылғы бюджетке өзгерістер енгізілді. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img