spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
16.6 C
Kokshetau

Қорғалжында «неке қию» куәлігін»  тапсыру  салтанатты іс –шарасы  өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

15  мамыр –  халықаралық  отбасы  күніне орай Қорғалжын ауданының  ішкі саясат және тілдерді дамыту  бөлімі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,  Аналар кеңесінің  ұйымдастыруымен  13 мамыр күні  аудандық   К. Күмісбеков атындағы  мәдениет үйінде  жас отбасыларға  «неке қию» куәлігін»  тапсыру  салтанатты іс –шарасы  өтті.  Неке қию рәсімін  Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ қызметінің бас маманы Махметова Несібелді Бейсембекқызы  өткізді.

Іс-шараға  аудан  әкімінің  орынбасары  Д. Сабырғали қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, отау құрған  екі жас:  Қабыкен Құдайберген Жеңісұлы мен Камзина Нұрайлым Сағынғалиқызына ізгі  тілек білдіре, ауданымыздің қадірлі отбасылардың бірі  «50 жыл -алтын той» иелері Диханбаев  Амангелді мен Шайхина Бақыт Заманқызын   мерейтойларымен  құттықтады және той иелеріне сый –сыяпат табыстады.

Қазақтың салтымен жас келінге енесі В.Т. Жакупбекова ақ жаулық тақты. Жас шаңырақ иелеріне асқар тау әке Камзин Сағынғали Базарұлы ақ тілекпен ақ батасын берді. Тәттіден шашу шашылып, мәдениет үйінің  «Әжелер» ансамблінің көркемдік жетекшісі Г. Абубакирова   «Екі жасқа» әнін орындады. Әжелеріміз қазақтың салт-дәстүрімен  жас  келінге отқа май құйып, мәнді де сәнді  баянды  ғұмыр тілей ақ баталарын  берді. Алтын той иелеріне немерелері де сый-сыяпат ұсынды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика