spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
3.2 C
Kokshetau

Бурабай аудандық полиция бөлімінің тергеушісі: «Мен өзімді басқа жұмыста көрмеймін»

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында Бурабай аудандық полиция бөлімінің тергеушісі полиция майоры Дина Бекеновамен әңгімелестік. Ішкі істер органдарында ол 17 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.

Дина Балташқызы 1983 жылы 25 қазанда Бұланды ауданы Макинск қаласында дүниеге келген. 2000 жылы мектепті тәмамдап, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне оқуға түсіп, «құқықтану» мамандығын игеріп шықты. 2004 жылы аталған жоғары оқу орнын үздік аяқтады. 2004-2005 жылдары осы университетте заң тәртібі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап Д. Б. Бекенованың ішкі істер органдарындағы қызметі басталды. 2005 жылы Ақмола облысы полиция департаментінің арнайы әскери тасымалдау бөлімінде жұмыс істеді. 2006 жылы Дина Балташқызы Бұланды аудандық полиция бөліміне ауысып, онда штаб инспекторы, 2007 жылы аға инспектор болып қызмет етті. 2018 жылы Бурабай ауданының полиция бөлімінің анықтаушысы, ал 2019 жылғы қарашадан бастап тергеуші болып жұмыс істейді. Қызмет еткен уақытында Дина Балташқызы өзін жұмысына адал, жақсы маман ретінде көрсете білді. Полиция майоры бос уақытын балалармен өткізгенді ұнатады: Дина Балташқызы екі ұл тәрбиелеп отыр, олардың үлкені 15 жаста. Погондағы ханымның айтуынша, жұмыс барысында түрлі адамдар кездеседі, қылмыс жасалған жерлерге барады. Бұл өте күрделі, әрі әйел затына сай емес жұмыс. Бірақ Дина Балташқызы басқа салада өзін көрмейтінін мойындайды. «Қылмыстарды ашу табандылықты, мақсатқа талпынушылықты және сөзсіз, жауапкершілікті талап етеді», – дейді полиция майоры. Қызмет еткен уақытында Дина Балташқызы полиция департаменті басшылығының грамоталарымен марапатталды, «Ішкі істер органдарының үздігі» омырау белгісі бар.

Дина Балташқызына зор денсаулық, бақыт, амандық және жұмыста табыс тілейміз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық еңбек сіңірген педагог оқу ағарту министрімен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстанның Еңбек ері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарын иеленген еліміздің құрметті педагогтерімен кездесті....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img