spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
1.1 C
Kokshetau

Орманды өрттен қорғаңыз!

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Орман көптеген пайдалы өнімдердің маңызды және алмастырылмайтын көзі болып табылады, сонымен қатар экологиялық, емдік және санитарлық маңызы бар. Ауаны қажетті химиялық элементтермен қанықтырады, оны өнеркәсіптік шығарындылардан тазартады.

Адамның жауапсыз қарым-қатынасы, табиғи апаттар орман алқаптары санының азаюына әкеледі. Бірнеше сағат ішінде орман екпелерін жоя алатын ең қорқынышты қауіп-өрт.

Жылы, шуақты күндердің келуімен ең өзекті мәселе өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Өйткені, кез-келген ұшқын табиғатта бақыланбайтын өртке әкелуі мүмкін және өсімдіктерді, жануарларды, жақын маңдағы елді мекендер мен адамдарды жойып, жоғары жылдамдықпен таралады. Ормандағы өрт оның орнына жалаңаш өлі жер қалдырып, үлкен аумақтарды қамтуы мүмкін.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 28.01.2022 жылғы №27-5/13-НҚ бұйрығына сәйкес наурыз-сәуір айларында Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары мемлекеттік орман қоры аумағында 2022 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық бойынша мемлекеттік орман иеленушілерге тексеру жүргізді.

Тексеру барысында облыстың орман шаруашылығы мекемелері қолда бар өрт сөндіру техникасы мен құралдарын өрт қауіпті маусымның басталуына дайындағаны анықталды. Арнайы техниканың, машиналар мен жабдықтардың жекелеген түрлері бойынша тиесілілік нормаларына сәйкес келмейді, өрт сөндіру автомашиналары мен тракторларының 70%-ы пайдалану мерзімінен өтті, барлық ММ-де тракторлар, өртке қарсы, орман өрт сөндіру агрегаттары, мотопомпалар, тұтандыру аппараттары, көбік түзгіштер және басқа да жабдықтар жетіспейді, барлық жерде орман өрт сөндіру станциялары ҚР Үкіметінің 21.07.2012 жылғы № 956 қаулысымен бекітілген ОӨС туралы Ережеге сәйкес жарақтандырылмаған.

Алдыналу мақсатында өрт маусымы басталғанға дейін мемлекеттік орманиеленушілер құрғақ шөпті өсімдіктерді күйдіру жұмыстарын жүргізді, минералданған белдеулер мен өртке қарсы аралықтарды құру бойынша іс-шаралар жоспарланды. Бұқаралық ақпарат құралдарында өртке қарсы тақырыпта жарияланымдар мен сөзсөйлеулер жоспарланған және өткізіледі, оқушылар мен халық арасында орманға ұқыпты қарауды насихаттау жүргізіледі.

Өрт қаупі бар маусым ішінде облыс ормандарын күзетуді «Қазавиаорманқорғау» РМҚК 3 тікұшақ жүзеге асырады, олар күн сайын облыс ормандарында әуе патрульдеуді жүргізеді. Біздің әуе және жердегі патрульдеу қызметтеріміздің басты міндеті-оттың орманда таралуына жол бермеу және оны ең басында сөндіру.

Барлық өткізілген іс-шаралар біздің әсем өлкеміздің ормандарын сақтауға, адамдардың өмірі мен демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Облыстың әрбір тұрғыны туған табиғатының тағдыры үшін өзінің жауапкершілігін сезініп, оны сақтауға және көбейтуге өз үлесін қосуы керек. Ормандарды өрттен қорғау, табиғи байлықтарды қорғау-бұл табиғат қорғау мекемелерінің барлық қызметкерлерінің кәсіби борышы ғана емес, бұл әрқайсымыздың парызымыз.

 

 

Ақмола облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясы

орман және ЕҚТА бөлімінің

бас маманы                                                                               Д.Д. Айтқожин

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img