spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
3.2 C
Kokshetau

Жолшылар ардагерлерге құрмет көрсетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Жолшылар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін келе жатқан Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы филиалының ұжымы соғыс ардагері Беймарт Казимир Борисович пен тыл еңбеккері Қосиманов Құдайбергенге арнайы барып, құрмет көрсетті.⠀

Мерекемен құттықтауға келген жолшылар ардагерлерге жылы лебіздерін білдіріп, сондай-ақ олар азық-түлік себеттерін, сыйлықтар мен ақшалай қаражаттарды табыс етті.  Көкшетаудағы жалғыз соғыс ардагері Казимир Беймарт қонақтармен әңгімелесіп, өзінің майдандағы естеліктерімен бөлісті. Казимир Борисович бірінші Балтық майданында 1128-ші атқыштар полкінде соғысқан. Фашизмге қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 1-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да наградалармен марапатталған. Кенигсберг түбіндегі шайқаста екі жарақат алды. Соғыстан кейін тың игеру кезінде Украинадан Қазақстанға көшіп, тепловоз машинисі болып жұмыс істеді, содан кейін темірбетон бұйымдары комбинаты мен құрылыс комбинатында бу цехының бастығы болып жұмыс істеді. ⠀
«Сіздің ерліктеріңіз шынайы таңдануға және құрметке лайық. Біз ардагерлеріміздің ерлігі мен батырлығын әрдайым есте сақтап, мақтан тұтамыз. Біз үшін 9 мамыр – біздің ата-бабаларымыздың ерліктерін еске алу және тағзым етудің қасиетті мерекесі, – деп, жол инженері Жанат Саликов ұжымның атынан ерекше алғыс білдірді. ⠀

Бала кезінде Құдайберген Қосыманов жасына қарамастан, күн мен түн толастамай тылда тынымсыз еңбек етті,. Қазір ол 88 жаста. Жолшылар ақсақалды Жеңіс күнімен бірінші болып құттықтады, сондықтан Құдайберген ата жолшылардың құттықтауын қабылдауға өте қуанышты болды. Тыл ардагері ұжымның қамқорлық пен көңіл бөлгеніне дән риза болып, кеңестерімен бөлісіп, батасын берді. ⠀
«Ардагерлерді көргенімізге өте қуаныштымыз, біз үшін оларды құттықтау, оларға қамқорлық көрсету және оларға назар аудару өте маңызды. Біз олардың ерліктерін, қажырлы еңбектерін ешқашан ұмытпаймыз. Мұның бәрі біз үшін маңызды. Барлық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне бейбіт аспан үшін алғысымызды білдіреміз, олардың батылдығы мен батырлығы келер ұрпаққа үлгі болып, жаңа ерліктерге, табыстар мен жетістіктерге жетелесін», — деп түйіндеді ҚР ИИДМ жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалының директоры Талғат Жүсіпов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img