spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
14.5 C
Kokshetau

Азық-түлік бағасына мониторинг жасау: 2175 өтініш түсті

Сондай-ақ...оқыңыз

Төтенше жағдай кезінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баға мәселесі бойынша құрылған «жедел желіге» 2175 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шағымдар 2022 жылғы 8-19 қаңтарда ірі сауда желілері мен супермаркеттерде әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне, автогаз, бензин, дизель отыны және такси қызметтері мен агрегаторлары қызметтеріне негізсіз жоғары бағаға байланысты түскен.

Азаматтардың барлық өтініштері қаралып, монополияға қарсы орган өз құзыреті бойынша жұмысқа қабылдады, бірқатар өтініштер жергілікті атқарушы және басқа уәкілетті органдарға берілді.

2022 жылғы 19 қаңтардан бастап, елімізде төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «жедел желі» жүйесінің жұмысы аяқталды.

Азаматтардың одан әрі өтініштері заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданатын болады.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img