spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
6.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 30-дан астам атыс қаруы тәркіленді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жүргізілген «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында тәртіп сақшылары 30-дан астам атыс қаруын, 15 оқ-дәрі, 4 арнайы құрал, сондай-ақ 20 суық қару тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 18 қаңтарында Атбасар аудандық ПБ қызметкерлері жедел алдын алу шарасы аясында үй аулаларын аралау кезінде 44 жастағы жергілікті тұрғыннан тіркелмеген 12 калибрлі, ТОЗ-34р маркалы екі ұңғылы мылтық тәркіледі.

Сол күні облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының көлігі мен жолаушысынан үш металл пышақ, металл «кастет» тапты.

Ал, 17 қаңтарда Бурабай ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғынынан тіркелмеген ИЖ-18Е, 16 калибрлі аңшылық мылтық тәркіленді.

«Барлық жағдай бойынша тексеру жүргізіледі, сонымен қатар сот-баллистикалық зерттеу тағайындалды. Жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша шешім қабылданады», – деді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, акция басталғаннан бері ақмолалық полиция қызметкерлері 403 қараусыз қалған ғимарат пен 554 қараусыз қалған саяжай массивін тексерді.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img