spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
7.2 C
Kokshetau

Димаш Құдайберген наурыз айында Дубайда жеке концерт береді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алдағы наурыз айында Біріккен Араб Әмірліктерінде жеке концерт өткізеді. Әнші бұл туралы Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 наурызда екі жылдық пандемиядан кейін Дубай қаласындағы Coca Cola аренада өтетін үлкен жеке концертімнің өтетіндігін хабарлаймын. Билеттер сторис пен профиль сілтемесінде. Көріскенше, достар!», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Д.Құдайберген Instagram-парақшасы бұғатталғанын айтты.

«Өздеріңізбен біраздан бері байланысу мүмкін болмады. Мені іздеп жазған толассыз хаттарыңыз бен қолдауларыңыз үшін мың алғыс!», – дейді ол.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионы Анна Щербакова Еуропа чемпионатында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Аве Мария» композициясына өнер көрсеткенін жазған болатынбыз.

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су тасқынынан зардап шеккен 27 атбасарлық отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барып, онда көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері жарамсыз деп танылған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img