spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

«Bolashaq – 2021» премиясы табысталды

Сондай-ақ...оқыңыз

29 желтоқсанда «Bolashaq Saraiy»-да Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен «Bolashaq – 2021» премиясын табыстау салтанаты өтті, деп хабарлайды Aqmola News.

Ақмола облысында өзіне тең келмес «Bolashaq Saraiy»-ның іргетасы 2020 жылғы қарашаның 20 жұлдызында қаланған болатын.

Басты мақсаты балалардың, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, шығармашыл дарынды балаларды іздеу, қолдау көрсету, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын өздігінен дамытуға, құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейту.

Осыған орай, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, «Bolashaq Saraiy»-ның 1 жылдық мерейтойына орайластырылған іс-шарада білім ордасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан үздік оқушылардың арасынан жеңімпаздар марапатталды. Премияға бес үміткер іріктеп алынған болатын.
1. Жаббасова Тамила
2. «Гүлдер» халық би ансамблі
3. Алдияр Бекжанұлы
4. Жакимова Гаухар
5. Буторин Андрей

Бас жүлде 300 000 теңгелік сертификатты ТМД-ның ең үздік жас ғалымы Жаббасова Тамила жеңіп алды.

Айта кету керек, атаулы іс-шара білім алушыларды одан да үлкен биіктерге жетуге ынталандырады және олардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысын арттырады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img