spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
17.2 C
Kokshetau

Ақмолалықтарға Жаңа жылды отбасы аясында тойлауға кеңес берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитар дәрігер Айнагүл Мусина өңір тұрғындарын Жаңа жылдық мерекені үйде отбасылық шеңберде өткізуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, мереке күндері коронавирус инфекциясының таралуына жол берілмеуі керек.

Иммундау мен алдын алудың арқасында Ақмола облысында 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жіті вирустық гепатиттермен сырқаттанудың 13 есе, кене энцефалитімен 2,5 есе, сальмонеллез – 1,3 есе, эхинококкоз – 1,3 есе, қышыма – 1,5 есе төмендегені байқалады.

Сонымен қатар, бактериялық дизентериямен сырқаттану – екі есе, жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанудың 1,1 есе өскені байқалады.

«Мереке күндері тұрғындар арасында тамақтан улану саны артты. Осы күндері өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарау керек екенін еске салғым келеді. Тағам дайындау технологиясын бұзбау, көп мөлшерде тағам дайындамау, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен шығу тегі белгісіз азық-түлік өнімдерін сатып алмау және оның дұрыс сақталуын қамтамасыз ету, артық тамақтанбау және тағам дайындау процесінде жеке гигиена ережелерін сақтау қажет», – деп атап өтті А.Мусина.

Ақмола облысы «жасыл» аймақта орналасқанына қарамастан, А.Мусина өңір тұрғындарын жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және жаңа жылды отбасылық ортада өткізуге шақырды.

«Мереке күндері коронавирус инфекциясын жұқтыруға жол бермеу және карантиндік талаптарды қатайту үшін бүгінде барлық шараларды қабылдау қажет. Біз өз денсаулығымыз бен айналамыздағы адамдардың денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыра отырып, мерекеден кейін эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермейміз! Жаңа жыл – отбасылық мереке, оны отбасылық шеңберде өткізуді сұраймын. Мереке күндері инфекцияның таралуына жол берілмеу керек», – деп түйіндеді А.Мусина.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/akmolalyktarga-zhana-zhyldy-otbasy-ayasynda-toylauga-kenes-berildi_a3880085

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img