spot_img
Сәрсенбі, Қазан 16, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Өткен аптада аралығында облыс аумағында 17 төтенше жағдай тіркелген еді – Нұрлан Атығаев

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев өткен аптада болған төтенше жағдайлар  туралы ақпаратты тарқатып айтып берді.

Өткен аптада аралығында облыс аумағында 17 төтенше жағдай тіркелген еді. Оның ішінде 16 тұрғын өрт және бір автомобиль құралдарының жан жағдайы. Жалпы, төтенше жағдайлардан үш  адам қаза тапты.

Ағымдағы жылғы 16-18 желтоқсан аралығында Целиноград және Бурабай аудандарының аумағында азамат тұрмысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу нәтижесінде екі адамның өлімі тіркелді. Олар 1981 мен 1986 жылғы туғандар екен. Алдын ала мәліметтер бойынша екеуі де мас күйінде болғанын атап өткен жөн.

Нұрлан Атығаевтың айтуынша, 2021 жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында өрт кезінде 26 адам қаза тапты.  Оныың ішінде 20 адам спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланған екен.

«Бүгінгі күні облыс аумағындағы өрт жағдайы азаматтарымыз тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді және жаңа жылдық мерекелерде ерекше қырағылық таныту қажет.Айта кету керек, мұндай өрттің көп бөлігі тұрғын үй секторында болады. Бұл мемлекеттік өртті бақылау тұрғысынан ең реттелмейтін сала. Статистика бойынша, Ақмола облысында өрттердің шамамен 70 пайызды  тұрғын үй аудандарында болады, мерекелік жаңа жылдық күндерде бұл көрсеткіш 85 пайызға дейін артады. Жаппай мерекелер кезінде өрттің күрт өсуін ішінара адамдардың психологиялық көңіл-күйімен түсіндіруге болады. Жұмыс күндері жинақталған стрессті жеңілдетуге тырысатын азаматтар мереке кезінде қырағылықты айтарлықтай төмендетеді», – деді Нұрлан Атығаев өз сөзінде.

Сонымен қатар, брифинг барысында жаңа жылда  пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет екенін де атап өтті.

«Ең алдымен, өнімнің сертификатталғанын көру керек, пиротехниканы пайдалану ережелерімен танысу керек. Оны сақтау және сату мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыз: егер өнім мерзімі өтіп кетсе, оны ешқандай жағдайда қолдануға болмайды. Қаптама бүтін, жыртылмаған болуы керек. Пиротехниканы іске қосқан кезде темекі шегуге қатаң тыйым салынады. Тұрақталған көліктердің жанында зымырандарды атуға болмайды. 100 метр радиуста өрт қауіпті объектілер болмауы тиіс. Көрермендер фейерверктің іске қосу алаңынан 35-50 метр қашықтықта, жел оларға түтін мен бұйымдардың күйіп қалмауы үшін міндетті түрде жел жағынан болуы керек. Өнімді қолмен іске қосуға тыйым салынады» , – деді департамент басшысы.

Жиын соңында Төтенше Жағдай  Департаменті азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді өрт қауіпсіздігі ережелері мен сақтық шараларын сақтауға, соның ішінде газ қондырғылары мен жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтауға шақырды.

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаумен байланысты өрттердің жиілеп кеткен жағдайлары ерекше алаңдаушылық туғызады. Өрт анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Кәсіпті қалай ұйымдастыру қажеттігін ауыл адамдарына ауылды жерлерге барып түсіндіру қажет

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі. Кеше (14 қазан 2024 жыл) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ Целиноград ауданы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img