spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Нұр-Сұлтанда мектептерге Қонаев, Серкебаев және Ақышев есімдері беріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтанда бірнеше мектепке белгілі қайраткерлердің есімі берілмек. Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет Нұр-Сұлтан қаласының мына білім беру ұйымдарына жаңа атау беруді жоспарлап отыр:

  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 11 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 69 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Роза Бағланованың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицейі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Ыбырай Алтынсариннің есімі.

Қаулы жобасын жария талқылау 23 желтоқсанға дейін жалғасады. Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img