spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
15.6 C
Kokshetau

Коронавирус кезінде өз бетінше емделуге бола ма? Дәрігер жауабы

Сондай-ақ...оқыңыз

Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников «Россия 1» телеарнасында коронавируспен ауырған науқастар өз бетінше емделуге болмайтынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«COVID бір емес бірнеше ауру тудыратын, өлім белгілері бар вирустық инфекция», – деп түсіндірді дәрігер.

Ол жіті респираторлық инфекциялары бар COVID-19 науқастарына кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау дұрыс емес деді.

Мысалы, пневмония болмаған жағдайда қан сұйылтқыштарды қабылдауға болмайды. Бұл дәрілерді дәрігердің нұсқауынсыз қабылдау, ми қан айналымының бұзылуына және асқазан-ішек жолдарынан қан кетуге әкелетінін айтты.

Сондай-ақ маман стероидты гормондармен өзін-өзі емдеу дұрыс еместігін ескертті. Оның пікірінше, олар тек интубацияланған науқастарға арналған.

Мясников «көп оқып, көп естігендіктен» өз-өзіне ем тағайындамау керек деген тұжырым жасаған. Оның пікірінше, вакцина арқылы вирустың алдын алған дұрыс.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img