spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
12.2 C
Kokshetau

Студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларының форумында Көкшетау қаласының НЗМ оқушысы сөз сөйледі

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектептің өзін-өзі басқару президенттеріне арналған «Менің жауапкершілігім – біздің болашағымыз» атты көшбасшылар форумы өтті, деп хабарлайды «Aqmola News».

NIS көшбасшылары үшін психология ғылымдарының докторы, «SKILLFOLIO» білім беру платформасының негізін қалаушы Виктория Шиманская, Джордж Вашингтон университетінің профессоры Данияр Қосназаров, Қазақстан-Корея клиникасының топ-менеджерлерімен және медицина ғылымдарының докторы Ғалымжан Тоғызбаев – тамаша кездесулер ұйымдастырылды. Екі күн бойы спикерлер мектептегі өзін-өзі басқару тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерді дамыту және команданы басқарудағы жеке дағдыларды жетілдіру бойынша шеберлік сабақтары мен тренингтер өтті.

Пікірталас алаңында көшбасшылар «NIS оқушыларының патриоттық, зияткерлік, физикалық, мәдени дамуында өзін-өзі басқару ұйымының рөлі қандай?» өзекті мәселе бойынша баяндамалар жасады. Әр Зияткерлік мектептің көшбасшысы түрлі бағыттағы эксклюзивті жобаларын ұсынды.

 

Көкшетау қаласындағы NIS оқушысы Диасәлі Кәрім «Адамгершілік тәрбиесі» бағыты бойынша оқушылардың өзін-өзі басқаруының қозғалтқыш рөлі ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

Диасәлі өз сөзінде оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеудегі негізгі бағыттардың бірі экологиялық мәдениет, таным арқылы табиғатқа жауапкершілік сезімін қалыптастыру, оның адам өміріндегі құндылығын анықтау, қоршаған ортамен мұқият қарым-қатынас жасай білу екенін атап өтті.

– Біздің білуімізше, балалардың адамгершілік тәрбиесі олардың мінез-құлқы мен санасын анықтайтын жағымды қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешуге арналған. Сондай-ақ көшбасшылар форумы өте пайдалы және қызықты болғанын атап өткім келеді. Біз көшбасшы кім екенін және көшбасшылық қабілеттерімізді қалай дамытуға және пайдалануға болатынын білдік.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының өзін-өзі басқару көшбасшыларының форумы Алматы қаласында өтті. Республиканың барлық өңірлерінің NIS көшбасшылары зияткерлік жастардың мектеп қоғамдастығын дамытудағы рөлі мен орнын талқылау үшін бір алаңда кездесті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img