spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
4.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында пиротехникасы бар автокөлік өртенді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында пиротехникасы бар автокөлік өртенді, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында сағат 21:45-те Бурабай ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Петропавловск қаласының 56 жастағы тұрғынынан «Нұрсұлтан-Петропавловск» автожолының 212 шақырымында «DAF» маркалы автокөлігінің жартылай тіркемесі жанғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына келген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аумақты қоршады.

Көлік иесі жүк тасымалдаумен айналысады. Алматы қаласындағы базарлардың біріне 20-дан астам қорапты тиеп, ер адам оларды Щучинск қаласына жеткізуі керек еді. Жүргізуші қораптарда басқа тауарлардың арасында пиротехника болғанын білмеген. – Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Жүргізушінің айтуынша, Щучинск қаласына бара жатып, ол айнадан жартылай тіркеменің түтіндегенін байқаған. Тоқтағаннан кейін жүк қораптары жанып жатқанын көрген ол жартылай тіркемені шешіп, көлікті қауіпсіз қашықтыққа айдап, полиция мен өрт сөндірушілерге қоңырау шалған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 204-бабы «Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Өрт салдарынан «DAF» маркалы автокөліктің кабинасы зардап шеккен жоқ, жартылай тіркеме толығымен жанып кетті. – Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция мен ТЖД қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, өрт тоқтатылды. Автожолдағы қозғалыс қалпына келтірілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img