spot_img
Дүйсенбі, Қаңтар 20, 2025
-8.4 C
Kokshetau

«Бірден сабасына түсіреміз». Жалғас Жұмағұлов жастарды қалай тәрбиелейтінін айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Жеңіл салмақта UFC промоушнында ел намысын қорғап жүрген Жалғас Жұмағұлов Қазақстандағы жаттығу залдарында жастарды қалай тәрбиелейтінін айтып берді, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі «СЭ» басылымына сілтеме жасап.

Бірнеше жыл бұрын Жалғас Жұмағұлов жаттығу залында темірдей тәртіптің барын айтқан еді. Мәселен, жуыну бөлмесіне кіргенде жастар үлкендерге орын береді. Спортшы бұл дәстүр әлі күнге дейін сақталғанын айтты.

«Әлбетте, сақталды. Үлкендер жуыну бөлмесіне кірсе, кішілер міндетті түрде орындарын береді. Үлкен отырса, кішісі тұрып қызмет етеді. Бұл біздің менталитетімізде қалыптасқан нәрсе. Солай жалғаса береді де. Кезінде үлкендер бізді осылай тәрбиелеген. Біз де кішілерге соны үйретеміз. Біздің залымызда жастардың бәрі тәрбиелі жігіттер. Әрқайсысы ер мінезді спортшылар», – деді ол.

Файтер тәртіпке бағынғысы келмейтіндер қалай жазаланатынын да әңгімеледі.

«Ондайларды бірден сабасына түсіреміз. Шынымды айтсам, өз басым жастарды сабап тұрамын. Барлығына қол жұмсаймын. Бетінен болмаса да бүйрегінен ұрамын. Бір шапалағын беремін», – деді спортшы.

Еске салайық, 5 желтоқсанға қараған түні жерлесіміз UFC Vegas 44 турнирінде анголалық Манела Капемен айқасады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Тілдерді оқыту орталығы: Қазақстан Республикасының тіл саясатын табысты іске асыруға қадам

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img