spot_img
Сейсенбі, Сәуір 23, 2024
12.2 C
Kokshetau

Мас полицей адам өліміне себепкер болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Батыс Қазақстан облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты. Жол апатында бір адам қайтыс болды, жарақат алғандар бар, деп хабарлайды sputnik.kz.

Теректі ауданына кіретін полиция бөлімі бастығының орынбасары жол апатына себепке болды. Оқиға орнында бір адам қайтыс болды, тағы екеуі жарақат алды. Полицей рөлге мас күйінде отырған, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 1 желтоқсан күні кешкі сағат 19:00-дің шамасында болған. Орал-Тасқала жолының 46-шы шақырымында Lada Largus пен Hyundai Accent бетпе-бет соқтығысты. Біреуін Теректі ауданына қарайтын ауылдық полиция бөлімі бастығының орынбасары жүргізген.

Жол апаты кезінде бір адам оқиға орнында көз жұмды. Бұдан бөлек, тағы екі адам жарақат алды.

«Бұл – шектен шыққан оқиған. Біз марқұмның жақындарына және туған-туыстарына үлкен өкінішпен көңіл айтамыз. Қазіргі кезде қызметтік тергеу шаралары басталды. Басшыларға қатысты тәртіптік жаза қолданылады. Ал жол оқиғасын жасаған қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылады», – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Рамазанов.

Оның айтуынша, дәл қазір Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша оқиғаның мән-жайын жариялауға болмайды. Алайда полиция департаменті күдіктінің ішкі істер органдарында 20 жыл істеп жүргеніне қарамастан, заң бойынша барлық шараны қолданады.

Қазіргі кезде рөлге мас күйінде отырған полицей қамауға алынды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазіргі бақылау мен тексерістердің өз ерекшеліктері бар

«Бизнесті тексеру – бұл айналып келіп, бір қақпаға соға беретін доп ойыны емес» деген тақырыпта жазылған газет бетінде бір...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img