spot_img
Сейсенбі, Сәуір 23, 2024
12.2 C
Kokshetau

ЖИЫРМАДАН АСТАМ АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫСЫ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІН СЫНАДЫ

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында  облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысы өтті.Іс-шараны облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырып, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі  қатысты, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Сайыстың басты мақсаты өткенін ұлықтайтын, елінің ұлыларын қадір тұтып, қастерлейтін, өз ұлты мен тілін, ділін, өткенін өзгеден артық қоятын еліміздің болашақ от ауыз, орақ тілді азаматтарын тәрбиелеу болып табылады.

 

Сайысқа Аққөл, Аршалы, Атбасар, Зеренді, Біржан сал, Есіл, Жақсы, Сандықтау, Шортанды аудандары, Степногорск және Көкшетау қаласы Абай атындағы №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан жалпы саны 12 топ, 24 оқушы қатысты.

Қатысушы топтар келесі тақырыптар аясынла пікір алмасты:
1. 2021 жыл балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы. Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудың тиімді әрі инновациялық жолдары.
2. Жастардың тіл тазалығын сақтауға бағытталған ұтымды әрі инновациялық іс-шаралар кешені.
3. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Тәуелсіздікті нығайту жолында ұлттық сананы сақтап қалудың маңыздылығы және мұндағы жастардың рөлі.

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерлерін бағалай отыра, келесі жеңімпаздарды анықтады:
І орын – «Тұмар» тобы, құрамында Сашкақызы Камила, Әбдрайым Әлайдар –Көкшетау қаласы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты.
ІІ орын –  «Сөз мәйегі» тобы, құрамында Айсипат Назерке, Хумархан Аяулым – Зеренді ауданы, Ақадыр ОМ.
ІІІ орын – «Алғырлар» тобы, құрамында Малчыбай Күнсұлу, Өнержан Ақерке – Шортанды ауданы, Степной ауылының ЖББМ.

«Үздік уәзір»  номинациясын Жақсы ауданы «Самұрық» тобының уәзірі Бекболат Мөлдір жеңіп алды.
«Үздік жырау» номинациясын Степногорск қаласы «Асыл сөз» тобының жырауы Дулат Альмира иеленді.
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Сайыс қатысушыларына сертификат және ынталандыру сыйлықтары беріледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазіргі бақылау мен тексерістердің өз ерекшеліктері бар

«Бизнесті тексеру – бұл айналып келіп, бір қақпаға соға беретін доп ойыны емес» деген тақырыпта жазылған газет бетінде бір...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img