spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
21.2 C
Kokshetau

Елбасы «Мәңгілік ел» болудың кілтін ұсынған тұлға – Ғалым Бекмағамбетов

Сондай-ақ...оқыңыз

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысына бейнеконференция байланысы режимінде қатыстым.

Саяси маңызы зор жиында Елбасы партияның жұмысын ширатып, қойылған міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындауға баса назар аудару қажеттігін айтты. Себебі, жаһандану кезеңінде еліміздің алдында жаңа сын-қатерлер де шығып жатыр. Бұл пандемиямен күрес, экологиялық ахуалдың нашарлауы, жаһандық жылыну, геосаяси ахуалдың ушығуы мен радикализм. Бұл проблемалар әлем елдерін әбігерге түсіруде. Осы тұста Қазақстан халқын бір жұдырықтай жұмыла әрекет етуге шақырды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының төрағасы өкілеттігін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыру шешімін жариялады. Себебі, елімізде үлкен саяси күшке ие «Nur Otan» партиясы ел тізгінін ұстаған Президенттің басты тірегі болуы керек,-деп санайды.

23 жылға жуық уақытта саяси ұйымның бір ғана төрағасы, мызғымас көшбасшысы Елбасы болды. Енді төрағалық міндеті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктеледі. Бұл билік транзитінің қисынды жалғасы деп білемін. Дегенмен, Нұрсұлтан Назарбаев уақытша партия төрағасы лауазымын атқара береді. Себебі саяси ұйымның көшбасшысын сайлау үшін партия съезі өтуі керек.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. «Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім деп қабылдаңыздар. Мемлекеттілікті сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету бүгінгі ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия» ,-деді ол өзінің үндеуінде.

Меніңше, «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы – бұл Елбасының саяси мол тәжірибесін саяси-философиялық тұрғыдан ұғыну және қорыту болып табылады. Онда халқымыздың озық тәжірибесі мен ұлттық тарихи-мәдени дәстүрлері ескерілген. Бұл «Мәңгілік ел» болудың кілті.

Ғалым Бекмағамбетов,

«Nur Otan» партиясы АОФ төрағасының бірінші орынбасары

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img