spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
12.3 C
Kokshetau

Алматыда 9-қабаттан 3 баласымен секіріп кеткен әйел қазанда АӘК сұраған

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматыда 9-қабаттан 3 баласымен секіріп, көз жұмған әйел қазан айында атаулы әлеуметтік көмек сұрап, өтініш жазған, алайда оған көмек берілмейтіні турала хабар келген, – деп хабарлады  Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы. 

2021 жылдың ІІ тоқсанында бұл отбасына 225 352 теңге тағайындалған. Осылайша мамыр (112 676 теңге) және маусым (112 676 теңге) айларына төленген.

«29 қазанда атаулы әлеуметтік көмекке өтініш түсті.  2021 жылдың шілдесінде күйеуі Оразов Нұрсұлтан Бауыржанұлы TOYOTA CARINA 468AYZ13 автокөлігін сатты. Отбасыға кіретін табыс жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінің 70%-нен (25 731 теңге) асып кетуіне байланысты әлеуметтік көмек тағайындалған жоқ», – дейді басқарма басшысының орынбасары Жанат Өтебаева.

Нұрсұлтан Оразовтың өзі жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрмаған. Жұмыспен қамту орталығының көмегіне де жүгінбепті. Қазіргі кезде Алматы қаласының «Алтын Орда» сауда базарында жұмыс істейді. Ал 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге өтініш Түркістан облысынан жіберілген.

Марқұм Бақытгүл Қыдырбаева Өзбекстанның Шыршық ауданында туған. Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданындағы Нұрсат мөлтекауданында тұрған. Ал 2021 жылдың 6 тамызынан бастап Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Жетісу-1 мөлтек ауданында уақытша тіркеуге тұрған.

Бұған дейін 9-қабаттан 28 жастағы әйел 3 баласымен секіріп, көз жұмғанын жазған болатынбыз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img