spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
7.2 C
Kokshetau

Түркістан облысында заңсыз кір жуатын ұнтақтар жасайтын цех анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері контрафактілік кір жуу ұнтақтарын дайындайтын астыртын цех қызметінің жолын кесті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан қаласының тұрғыны Р. Абдуллаев «Иштихат» тұрғын алабы, Доспанбет жырау көшесі мекенжайы бойынша цех ұйымдастырғаны, онда заңсыз жолмен «Ariel», «Тide», «Миф», «Persil» маркалы 2, 3, 6 кг көлемдегі ұнтақтар дайындағаны анықталды.

Ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден астам ұнтақ қаптамасы, 20 кг-дық 100-ден астам ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен пакеттер тәркіленіп алынды. Құқық иесі «The Procter&Gamble Company» компаниясына зор залал келтірілді.

Р. Абдуллаевқа 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Контрафактілік тауарларды өндіру және сату – бұл көп миллиардтық айналымды қамтитын жаһандық мәселе. Бұл мемлекетке де, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне де айтарлықтай зиян келтіреді. Қауіп сонымен қатар киім мен балалар ойыншықтарынан бастап тамақ пен дәрі- дәрмектерге дейін контрафактілік өнімдердің кең таңдауында жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі контрафактіні өндіру және өткізу деректерімен күрес жүргізуде»,-делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/turkistan-oblysynda-zansyz-kir-zhuatyn-untaktar-zhasaytyn-ceh-anyktaldy_a3859614

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img