spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.9 C
Kokshetau

5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа температурасы төмендейді.

Тек оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында фронттардың әсерінен қар жауады, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігі, батысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстігінде шаңды дауылмен бірге жел тұрады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Таулы аудандарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.

Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде түнде және таңертең тұман, Алакөл көлдері маңайында желдің күші – 17-22 м/с. Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді, орталығында шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с шамасында, шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысының солтүстігінде, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жел екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстік-шығысында, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең солтүстік-батысында тұман түседі.

Қостанай облысының батысында тұман, солтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында қорытынды кездесу өтті

​Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен әскери қызмет өткерген жастар мен әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыруға бағытталған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img