spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
7 C
Kokshetau

Қорғалжын тұрғыны ауылдасының шөбін өртеп, 10 миллион теңге шығын келтірген

Сондай-ақ...оқыңыз

Қорғалжын ауданында ауылдасының қысқа мал азығы ретінде жинаған 1491 орама шөбін өртеп жіберген 32 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды «Aqmola News»облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы қарашаның 3-де таңғы сағат 05:09-да Қорғалжын аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті ауылдардың біріндегі шаруа қожалығының басшысы жүгініп, белгісіз біреулердің қысқа мал азығы ретінде жинаған шөбін өртеп жібергенін айтты.

«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 3 қарашаға қараған түні белгісіз береулердің кәсіпкердің 1491 орама шөбін өртеп жібергенін анықтады. Келтірілген шығын көлемі 10 миллион 500 мың теңгені құрады», – деді ведомстводан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде 32 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.

«Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 202-ші бабының 2-бөлігі «бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», – деді ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img