spot_img
Сенбі, Қаңтар 18, 2025
-9.8 C
Kokshetau

30 қыркүйек күніне арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер бейсенбі, яғни 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Республиканың басым бөлігінде фронталды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады. Республиканың тек батысына және оңтүстік-батысына  солтүстік антициклон әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғып, солтүстігінде және орталығында тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай бақыланады», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында шаңды дауыл соғады,  15-20 м/с жел күшейеді, таңертең және күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарда найзағай бақыланады.

Ақмола облысының солтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде көктайғақ болып, түнде және таңертең шығысында тұман түседі.

Күндіз Алматы облысының шығысында және таулы аудандарында, Түркістан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Тілдерді оқыту орталығы: Қазақстан Республикасының тіл саясатын табысты іске асыруға қадам

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img