spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
2.9 C
Kokshetau

Көкшетаудың сусыз қалған аудандарына ертеңнен бастап су беріле бастайды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Көкшетауда «Сарыарқа» және «Жайлау» шағынаудандарына бірнеше күннен бері су беру тоқтатылғаны белгілі. Бүгінде бұл аудандарға жергілікті әкімдік тарапы су тасымалын ұйымдастыруда. Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ерназаров кезекті шаруалардың атқарылу барысын мәлімдеді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Аталған аудандарда су беру уақытша тотатылған болса, қаланың орталығындағы тұрғын үйлерде судың қысымы төмен.

Көкшетау қаласын сумен жабдықтау  Шағалалы және Сергеев су қоймаларынан жүзеге асырылады.

Жалпы, қалаға 35 мың текше метр су қажет.

Қала әкімінің орынбасарының сөзінше,Көкшетау топтық су құбырындағы жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Су беру уақытша тоқтатылған аудандарға ертеңнен бастап сумен жабдықтау күтілуде. Егер барлық жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылса, су беру кәсіпорыны штаттық режимде жұмысын жалғастырады, -деді Бауыржан Ерназаров.

Бұған дейін, сорғы станциялары арқылы су көлемінің жетпеуіне байланысты сумен қамтушы кәсіпорын «Жайлау» және «Сарыарқа» шағын аудандарында сумен жабдықтауды шектеуге мәжбүр болды. Бұл шағын аудандарға күніне екі рет су жеткізу ұйымдастырды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img