spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
8.2 C
Kokshetau

9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидрометтің» мәліметінше, оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік пен орталықта жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Шығыста нөсер жаңбыр жауады.

Тек батыс өңірде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Өзге аймақтарда дауыл соғады. Солтүстік, солтүстік-батыс пен орталықта тұман, шығыстағы таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі ықтимал. Желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі, түнде шығысында, күндіз солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, түнде және таңертең шығысында тұман түседі, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Күндіз Жамбыл облысының шығысында, оңтүстік-шығысында және тау бөктері аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Түркістан облысының батысында және таулы аудандарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының орталығында, түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстік, солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Қарағанды, Ақмола облыстарының батысында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img