spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 19, 2026
14.3 C
Kokshetau

Елімізде екінші рет Президенттік жастар кадр резерві жасақталады

Сондай-ақ...оқыңыз

 Бұл жоба қоғам мүдделерін басшылыққа алатын жас таланттардың кәсіби әлеуетін іске асыруға, мансаптық ілгерілетуге үлкен мүмкіндік береді.

Кандидаттардың құжаттарын қабылдау 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Кандидаттарға қойылатын басты талаптар:

  • Жасы 35-тен жоғары болмауы тиіс
  • Жоғары білімі болуы тиіс
  • Жұмыс өтілі кем дегенде 5 жылды құрауы тиіс
  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс

Іріктеуге қатысу үшін QazTest (offline) немесе Qazaq Resmi Test (online) тапсыру қажет. Тестілеу нәтижесі бойынша қазақ тілін білу деңгейі кем дегенде В1 (орта деңгейден кем емес) болуы шарт.

Іріктеудің басым көпшілік кезеңдері онлайн форматта өткізіледі.

Резерке кірген тұлғалар түрлі мемлекеттік лауазымдарға, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына және «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Резервтің құрамында болу мерзімі 3 жылды құрайды.

Толығырақ ақпаратты pkrezerv.gov.kz сайтынан алуға болады.

Елімізді өркендету ісіне араласатын таңдаулы жастардың қатарына қосылу – зор мәртебе.

Сондықтан барлық бақ сынаймын деуші жастарға сәттілік тілейміз!

Консультация: 8 716 2 51 81 32.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Біржан сал ауданында сайлауға дайындық мәселелері қаралды

Ағымдағы жылдың 13 тамызында Біржан сал ауданы әкімдігінде аудан әкімі төрағалығымен, аудан прокурорының қатысуымен аудандық жедел штабтың отырысы өтті. Жиында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика