spot_img
Сейсенбі, Маусым 30, 2026
18.7 C
Kokshetau

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Президент Жолдауын талқылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті., деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға Ассамблея төрағасының орынбасары –Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Серік Егізбаев, Ассамблеядан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктер төрағалары, Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының өкілдері, «Жаңғыру жолы» ҚХА республикалық жастар қозғалысының мүшелері қатысты. «Бүгін біз Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау үшін дөңгелек үстел өткізіп жатырмыз. Бұл дөңгелек үстелге Мәжіліс депуттары мен мемлекеттік орган өкілдерінен бөлек, мәдени бірлекстіктердің басшылары мен ғылымии сарапшылар шақырылды. Жастар да бар. Өңірлердің бәрі онлайн режимде қосылып жатыр.

Басты мақсат – Жолдаудың негізгі басымдықтары мен қағидаттарын талқылау. Оның ішінде, әлбетте, бейбітшілік пен келісім саясаты, халық бірлігі, ұлтаралық келісім мәселелерін талқылау көзделіп отыр. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Жолдауында үлкен тарау арнап, көп мәселелер көтерді. Оның ішінде жас буынды тәрбиелеу, мемлекеттік тілді дамыту, ортақ құндылықтарды дәріптеу мәселелері қозғалды. Біздің Ассамблея мүшелері, бүкіл этномәдени бірлестіктердің өкілдері, басшылары осы жұмысқа атсалысып, сол құндылықтарымызды әрі қарай дәріптеп, қоғамға енгізуге атсалыса береді», – деді Марат Әзілханов шара алдында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Жиын қорытындысы бойынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен барлық құрылымдары Президент Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысу үшін нақты шаралар әзірлейтін болып тарқасты.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында республикалық «Bereke Fest» акциясы өтеді

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылғы 1-7 шілде аралығында Ақмола облысының аумағында Қазақстан Республикасының жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика