spot_img
Сейсенбі, Қазан 6, 2026
2.1 C
Kokshetau

Жұмыссыздық пен халықты қолдау шаралары барынша үкіметтің назарында – Гүлім Ескеева

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті  Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады. Елдің қамын жан-жақты ойлап, халық мәселесін жан-жақты шешуде оңтайлы шешімдер қабылдауда оң өзгерістер енгізуді қолға алып отыр.

Әлемді жайлаған індеттен түбегейлі құтылу үшін халық арасында екпе алу мәселесі алғашқы кезекте. Түсіндіру жұмыстарын барынша қарқынды жүргізіп, халық арасында дау-дамайсыз вакцина алу, уақтылы жоспарлы түрде ем-шараларды қабылдау сынды шараларды мықтап қолға алу міндеті тапсырылды. Екпеге қатысты қордан бөлінген қаржыны халық үшін оңтайлы жұмсау міндеті де назардан тыс қалған емес.

Осындай ахуал кезінде бұл індет ел экономикасына кері әсерін тигізбей қоймады. Халық арасындағы жұмыссыздық мәселесі мен қолдау шаралары да барынша басты назарда. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұрақтылық қалпын сақтауда да мүмкіндігінше бақылап отыр. Оның барлығы ел жағдайының жақсаруының бірден-бір кепілі.

Сондықтан, ел болып, бірлігімізді жоғалтпай, жұмылған жұдырықтай болып бірлесе отырып аталған міндеттерді қолға алсақ қана бар қиындықты еңсеретініміз баршаға аян.

Бірлігіміз әрдайым жарасып, төрт көзіміз түгел болсын!

Гүлім Ескеева,

Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ІІМ «Балаларға назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты заңнама...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика