spot_img
Жексенбі, Тамыз 2, 2026
25.6 C
Kokshetau

Арнайы операция: Елордада ірі көлемде есірткі тәркіленді

Сондай-ақ...оқыңыз

Елорда полицейлері қалаға есіртікі заттарын жеткізетін арнаны әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Биыл 7 тамыз күні есірткіні жеткізу мен сату арнасына тосқауыл қоюға бағытталған жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 37 жастағы ер адам ұсталды. Оны тексеру барысында 2 келі гашиш тәркіленді», – делінген Полиция департаменті мәліметінде.

Оны ұстау кезінде күдікті ізін суытпақ болған. Сонымен қатар, Қосшыда тұратын үйін тексеру кезінде арнайы жабдықталған жасырын қоймада екі полиэтилен пакетте 34 келіден астам гашиш анықталды. Белгілі болғандай, күдікті аталған есірткіні елорда аумағында өткізуді жоспарлаған.

Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 36,3 келі гашиш тәркіленді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы кездесуде кәсіпкерлер мен ұстаздар «Әділет» партиясына өз ұсыныстарын айтты

«Әділет» партиясы Ақмола облысына барып, өңірді дамытуға бағытталған бастамаларын таныстырды. «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Ақмола облысына ат басын тіреп,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика